Мы в соц сетях

Фонд евразия центральной азии
в казахстане

Новости фонда

другие Новости фонда

15 декабря 2023 г.

Открыт Конкурс на участие в Программе Фонда Евразия

Конкурс для 10 женских организаций из Центральной Азии, нуждающихся в экспертной,
12 декабря 2023 г.

Проект Европейского Союза заявляет о возросшем

Более 100 тысяч казахстанцев повысили уровень осведомленности об инструментах
22 ноября 2023 г.

В Атырау пройдет масштабный фестиваль науки «ABAY GYLYM

В рамках фестиваля будут представлены 10 секций, охватывающих различные тематики

15 июня 2023 г.

Атыраудағы JasSpace STEAM білім беру жобасы халықаралық сыйлықты иеленді

Қазақстандағы Американдық сауда палатасы ұйымдастырған халықаралық AmCham Awards конкурсында Атырауда жүзеге асырылып жатқан JasSpace STEAM білім беру жобасы «Ең үздік қоғамдық жоба» номинациясын жеңіп алды. Халықаралық сыйлық Астана қаласында салтанатты жағдайда табысталды. JasSpace бағдарламасының жоба менеджері Салтанат Ноғайбаланованың айтуынша, Халықаралық AmCham Awards конкурсында мұндай сыйлыққа ие болу – үлкен мәртебе.

«Chevron» компаниясымен серіктестікте Орталық Азияның Еуразия қоры жүзеге асырып жатқан JasSpace бағдарламасы – Қазақстан жастарының болашағына салынып отырған ең құнды инвестиция. Себебі, АҚШ, Жапония, Германия, Сингапур сынды әлемнің ең дамыған елдерінде трендке айналған STEAM білім беру әдісі өзінің нәтижелілігін дәлелдеп отыр. JasSpace жобасы әлемнің білім саласындағы ең озық тәжірибесін Қазақстанда, соның ішінде Атырау облысында енгізуді көздейді. Жоба басталғалы бері STEAM  кеңістіктен 6000-нан астам оқушы білім алып шықты. Облысқа қарасты аудан оқушылары үшін де шеберлік сағаттары ұйымдастырылып, STEAM кеңістіктің мүмкіндіктері таныстырылды. STEAM саласы бойынша 221 мұғалім біліктілігін арттырды. 346 мұғалім жоба аясында әдістемелік көмек алды.  Осылайша, JasSpace оқушыларға STEAM бағытта білім беріп қана қоймай, ерекше әдістің облыс мектептерінде тәжірибе түрінде тарауына ықпал етуде» дейді JasSpace бағдарламасының жоба менеджері Салтанат Ноғайбаланова.

Атап өтерлігі, Атыраудағы ең ірі STEAM орталық – JasSpace кеңістігінің көптеген оқушылары робототехника және STEAM жобалар бойынша өткен қалалық, облыстық, республикалық конкурстарда жеңімпаз атанды. Тіпті, Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың өзі Атырау облысына сапары аясында арнайы келіп, STEAM  білім беру орталығындағы жұмыстарға жоғары бағасын берген болатын. Жақында ғана АҚШ-тың Қазақстандағы Елшісі Даниел Розенблюм JasSpace кеңістігіне арнайы келіп, білім алып жатқан оқушылармен кездесіп кетті.

 

Поделиться страницей: